Қазақстанда бағалы металдардың 70-ке жуық кен орны аукционға қойылады

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді. 

Қазақстанда бағалы металдардың 70-ке жуық кен орны аукционға қойылады Фото: inbusiness.kz

Алдағы уақытта елімізде 70-ке жуық бағалы металдар кен орындары электронды аукционға шығарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақын арада, қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын бұзылған аумақтардағы жерасты учаскелерінің 20-дан астам бос кен орындарын электрондық аукцион арқылы инвесторларға беру жоспарланып отыр. Сондай - ақ, электрондық аукционға 70-ке жуық бос кен орындары бар қатты пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының қорларын шығару да жоспарлануда", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу