Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі пайдаланады?

1794

Әлемдегі ең танымал ойын – Minecraft.

Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі пайдаланады?

2021 жылы елде балалар мобильді құрылғылар арқылы қандай қосымшаларға жиі кіргені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Kaspersky мәліметінше, өткен жылы қазақстандық балалар уақытының көп бөлігін YouTube-те өткізген. Оның үлесі ең танымал он қосымшада өткізілген уақыттың үштен біріне (32%) тиесілі. Екінші орында – WhatsApp (22%), үшінші орында – TikTok (16%) тұр. 

"2021 жылы әлемде балалар YouTube-тен ойындарға қатысты контентті іздеді. Мұндай сұраулардың үлесі – 28%. Олар ойын блогерлерінің видеосын табуға тырысқан. Ең танымал ойын – Minecraft. YouTube-тағы MrBeast, EdisonPts және Paluten арналары үздік үштікке енді. Ең танымал ойындардың ондығына алғаш рет Genshin Impact және Poppy Playtime кірді", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ балалар YouTube-тен көбінесе музыка іздеген. Олардың үлесі – 19%. Көбінесе BTS, BlackPink, Lil Nas X, Ariana Grande және Twice сынды музыкалық топтар мен әншілердің әндері ізделген. Ең танымал әндердің бірі: CKay – Love Nwantiti, Blackpink тобының мүшесі Lisa-ның Lalisа және Money әндері.

Фильмдер, мультфильмдер мен телешоуларға сұраулардың 12%-ы тиесілі. Көбінесе балалар "Свинка Пеппа", "Лунтик", "Барбоскины" мен "Леди Баг и Супер-Кот" мультфильмдерін және "Веном 2", "Человек-паук: нет пути домой" фильмдерін іздеген.

"Ата-аналар үшін баланың цифрлық қызығушылығын білу маңызды. Бұл балаларды онлайн-қатерлерден қорғауға және отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Олармен бірге уақыт өткізуге болады. Мысалы, танымал блогердің танымдық бейнелерін көруге немесе Minecraft ойыны арқылы тарихты, химияны немесе физиканы зерттеуге болады", – деді Kaspersky-дің Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу