Қазақстанда балалар үйінің саны азайды

334

Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр.

Қазақстанда балалар үйінің саны азайды Фото: azattyq-ruhy.kz

Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

емлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналды. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірледі, бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар:

• бала асырап алу;

• қорғаншылық (қамқоршылық);

• патронат;

• қабылдаушы отбасы.

Қазіргі күні 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.

"Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді. Олардың жұмысқа орналасу кезінде басым құқығы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу