Қазақстанда балалар үйіне жылына 3 мыңнан аса бала түседі

886

Қазақстанда балалар үйіне жылына 3 мыңнан аса бала түседі

Қазақстанда жыл сайын 3 мыңнан астам бала балалар үйіне түседі, деп хабарлады ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсаинов. Бұл туралы КазТаг хабарлайды.
"2015 жылдың қаңтарынан бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. 2017 жылдан бастап асырап алған ата-аналарға баланы күтіп-бағуға 10 АЕК көлемінде және асырап алған ата-аналардың екеуіне де ақшалай қаражат төленеді. Жыл сайын осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 6 млрд астам теңге бөлінеді. Аталмыш шаралар балалардың отбасыларда тұрып, тәрбиеленуіне мықты ынталандырушы күш болды", - деді Ержан Ерсаинов сәрсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол бірқатар проблемаларды атады. "Жағдайдың жақсарып жатқанына қарамастан, балалардың отбасында тәрбиелену құқығын жүзеге асыруды толық қамтамасыз ету мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалар әлі де сақталып отыр.  Талдау көрсетіп отырғандай, жыл сайын 900-ден астам ата-ана ата-ана құқығынан айырылуда, 3 мыңнан астам бала балалар үйіне түсуде, 6 мыңға жуық бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түседі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40%-ы білім, денсаулықты сақтау, әдеуметтік даму  жүйесіндегі интернаттарға түседі", - деді Ерсаинов.
Оның айтуынша, асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық және патронаттықтан бас тартқан жағдайда балалардың балалар үйіне қайтарылу жағдайы да кездескен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу