Қазақстанда балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігін шектейтін заң жобасы ЖИ көмегімен әзірленді

292

Бұл – заңнаманы талдап, құқықтық шешімдер ұсынатын AI-Құрылтай платформасының көмегімен дайындалған алғашқы құжат.

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігін шектейтін заң жобасы ЖИ көмегімен әзірленді Фото: kursiv.media

Қазақстанда балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы жасанды интеллект көмегімен әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта әлеуметтік желілер, онлайн-ойындар мен цифрлық платформаларға қойылатын жаңа талаптар қарастырылған.

Заң жобасын әзірлеу барысында AI-Құрылтай платформасы қолданылған. Оның базасына 800 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акт енгізіліп, арнайы оқытылған заңгерлік жасанды интеллект моделі пайдаланылған.

Құжатқа сәйкес, цифрлық платформалар, онлайн-ойындар, қосымшалар мен маркетплейстер өз өнімдерін таңбалап, мазмұны туралы толық ақпарат беруге міндеттеледі. Ал уәкілетті орган олардың қызметіне мониторинг жүргізіп, қауіп анықталған жағдайда өнімді бұғаттауды немесе жоюды талап ете алады.

Сонымен қатар платформаларда ата-ана бақылауы мен контентті сүзгілеу функциялары міндетті түрде енгізіледі. Таңбаланбаған және тексеруден өтпеген өнімдер балаларға қолжетімсіз болады.

Бұдан бөлек, балалардың жеке басын анықтауға және құқықтарын цифрлық ортада қорғауға арналған фотосуреті бар арнайы IT-карталарды енгізу ұсынылған.

Заң жобасына 120-дан астам түзету енгізілген. Қазір құжат Үкіметтің қорытындысын алуға жіберілді. Одан кейін жұмыс топтарында талқыланады.

Депутаттардың мәліметінше, Қазақстандағы балалардың шамамен 88 пайызы смартфонды белсенді қолданады. әлеуметтік желілерге шамадан тыс әуестік олардың кітап оқуға, спортқа және отбасымен араласуға бөлетін уақытын азайтып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу