Қазақстанда балмұздақ экспорты импорттан асып кетті

79

Бұл туралы Ауыл шаруашлығы министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда балмұздақ экспорты импорттан асып кетті Фото: АШМ

Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны болса, ал импорт көлемі – 12 194 тоннаға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – саланың жүйелі өзгеріп, отандық өндірушілер өнімінің халықаралық нарықта нығайып жатқанын көрсетеді.

"Шин-Лайн" компаниясының вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, бұл нәтиже ұзақ мерзімді жаңғырту және экспортты ұлғайту стратегиясының жемісі.

"2005 жылы Қазақстан тек 12 тонна балмұздақ экспорттап, импорт көлемі 12 мың тоннаны құраған еді. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Жеткізілімдер географиясы 10 елге дейін кеңейіп, экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және саланың жетілгенін көрсетеді", – деді ол.

Табыстың кілті заманауи өндірістік қуатты құруға жасалған ірі инвестициялар, озық технологиялар, сондай-ақ отандық өндірушілерге жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі деуге болады. Экспорттық түсімнің өсуі және орташа экспорттық бағаның көтерілуі баға бәсекелестігінен сапа мен бренд деңгейіне өтіп жатқанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу