2026 жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайын кең ауқымды "Бекіре" балық қорғау акциясы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында балықтардың заңсыз аулануы мен айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктіреді.
Акция аясында су айдындарында браконьерлік фактілері барынша ықтимал орындарда стационарлық және жылжымалы бекеттер ұйымдастырылды, сондай-ақ батыс облыстарының тас жолдарында мобильді топтар құрылды.
Әсіресе, Каспий теңізінің жағалауы мен Жайық және Қиғаш өзендерінің жағалауына баса назар аударылатын болады, өйткені бұл жерлерде браконьерлік фактілері жиі тіркеледі.
Сонымен қатар, акция барысында әуежайларда, вокзалдарда және ірі автожолдарда трассаларда балық пен балық өнімдерін республикадан тыс жерлерге әкетуге бақылау күшейтілетін болады. Бұдан басқа, республика аумағында балықтың заңсыз айналым фактілерін анықтау, жолын кесу жұмыстары қолға алынады.
Акцияға Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының 1143 қызметкерлері жұмылдырылды.
Жайық-Каспий бассейнінде 226 автокөліктер мен квадрацикл, 91 бірлік қайықтар мен шағын көлемді кемелер, 6 ұшу аппараты және басқа да техникалық құралдар іске қосылатын болады. Барлығы 39 бекет құрылды, оның 9-ы стационарлық және 30-ы жылжымалы бекеттер. Сонымен қатар, батыс өңірдегі автожолдар мен тасжолдарда жұмыс істейтін 26 мобильді топ құрылды.
Айта кету керек, "Бекіре-2025" акциясы нәтижесінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдары табиғат қорғау заңнамасының 1125 бұзушылығын анықтады, 867 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 33 қылмыстық іс тіркеуге алынды.