Қазақстанда бензин арзандады

883

Ал өндіріс көлемі бір жылда 12 пайызға артқан.

Қазақстанда бензин арзандады

Ұлттық экономика министрінің мәліметіне сенсек, АИ-92 маркалы бензинінің литрі 146 теңге 8 тиынға сатылуда. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға арзан, деп хабарлайды Atameken Business.

Еске салсақ, былтыр 157 теңгеге сатылған болатын. 

АИ-95 және 96 маркалы бензиннің бір литрі 168 теңгеге бағалануда. Яғни бір жылда 4 пайызға арзандады. Дейтұрғанмен, дизель отыны 11 пайызға қымбаттап, 173 теңгеден 192 теңгеге дейін өскен. 

Республика бойынша бензин қымбат қалалар тізімін Ақтау мен Нұр-Сұлтан бастаса, Орал, Тараз, Шымкент және Атырау қалаларында бензин арзан, яғни АИ-92 141-142 теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу