Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленеді

264

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленеді Фото: inbusiness.kz

Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұйрық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.

Бұйрық жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу