Қазақстанда бензин өндіру 6,3%-ға өсті

806

Бір жылда дизель отынын өндіру 7,7%-ға артқан.

Қазақстанда бензин өндіру 6,3%-ға өсті

2021 жылғы қаңтар-қазанда елде 3,894 млн тонна бензин (авиациялық бензинді қоса есептегенде) өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика департаментінің дерегінше, биыл 9 айда Қазақстанда авиациялық бензинді қоса есептегенде барлығы 3,894 млн тонна бензин өндірілген. Нәтижесінде бір жылда бензин өндіру 6,3%-ға өскен.

"Дизель отынын өндіру 7,7%-ға өсіп, 4,2 млн тонна болды. Жағылатын мазут өндірісі 19,8%-ға артып, 2,136 млн тоннаға жетті", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу