Елімізде бидай алқабы қысқарып, майлы дақылдар көлемі артады

326

Биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектарды құрайды.   

Елімізде бидай алқабы қысқарып, майлы дақылдар көлемі артады Фото: abai.kz

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, елде егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл майлы дақылдардың көлемі 4 млн гектардан, ал жемшөп дақылдары 3,3 млн гектардан асады.

Сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін ұлғайтылған. Ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп егісі де 10 мың гектарға көбейеді.

Ал бидай алқабы, керісінше, 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектар болады. Вице-министр мұны егіс құрылымын әртараптандыру саясатымен байланыстырды.

Бұдан бөлек, су үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға азайтылған. Есесіне тамшылатып суару технологиясы қолданылатын мақта алқабы 29,8 мың гектарға дейін ұлғаяды.

Министрлік мәліметінше, мұндай өзгерістер ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу