Қазақстанда білім алатын ауған әйелдерінің алғашқы легі жетті

1051

Бұл жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.

Қазақстанда білім алатын ауған әйелдерінің алғашқы легі жетті

Еуропалық одақтың білім беру жобасы аясында ауған әйелдерінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қазанда Almaty Management University-інде (бұдан әрі - Alma U) отыз ауған әйелінің алғашқы тобы Қазақстанға оқуға келуі қарсаңында ресми қабылдау жүргізілді. 

Бұл жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асырады.

Ауған студенттері Alma U-да өткен бір апталық курсы барысында алдағы оқу бағдарламасымен, кампустың орналасуы және университетте жасалған жағдайлар, сондай-ақ Қазақстанның ерекшеліктерімен танысты. Енді олар сегіз айлық тереңдетілген ағылшын тілі курсын тәмамдағаннан кейін қазақстандық университеттердің бакалавриат, магистратура және техникалық бағдарламаларына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Еуропалық одақ Қазақстан және Өзбекстанның жоғарғы оқу орындары мен мамандыққа даярлау орталықтарында ауған әйелдеріне білім алуға мүмкіндік беретін үшжақты ынтымақтастық жобасына 2 миллион еуро көлемінде грант бөлді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу