Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ел азаматтарының несиесіне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктік сектордағы несиелер көлемі 25 триллион теңгеге жетті. Оның үштен екісінен астамы тұтынушылық несиелерге тиесілі, яғни 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отыр. "Бірінші кредиттік бюро" аналитикалық орталығының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюроға ақпарат беретін барлық ұйымдар алдындағы халықтың қалдық берешегі 27,5 трлн теңгені құрады", – деді спикер.
Азамат Әмриннің айтуынша, екі және одан да көп несиесі бар қарыз алушылардың үлесі 76 пайызға тең. Орта есеппен бір қарыз алушыға 4,4 несиеден келетіні белгілі болды.
Айта кету керек, бұған дейін Үкімет "2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды" таныстырғанын жазғанбыз.