Жалпы неке коэффициенті 5,69 (1000 адамға шаққанда) болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында тіркеліп, 6,75-ті құрады. Сондай-ақ Қарағанды облысында – 6,32, Шығыс Қазақстан облысында – 6,27, ал ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06 болды.
Некелердің 78,9 мыңы (68,1%) қалада, 37 мыңы (31,9%) ауылдық жерде рәсімделген.
Орташа есеппен ерлер алғашқы некеге 27,9 жаста, әйелдер 25,3 жаста тұрған. Алғаш рет некеге тұрғандар үлесі ерлер арасында – 77%, әйелдер арасында – 78%, ал қайта некеге тұрғандар ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%. Некелердің 80,4%-ы моноэтникалық, 19,6%-ы этносаралық болған.
Есепті кезеңде 45,7 мың ажырасу тіркелді. Ажырасулардың 34 мыңы (74,4%) қалада, 11,7 мыңы (25,6%) ауылда болған. Жалпы ажырасу коэффициенті 2,24 (1000 адамға шаққанда).
Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында – 3,43, Қарағанды облысында – 3,41, Солтүстік Қазақстан облысында – 3,28, ал ең төмені Түркістан облысында – 1,03.
Ажырасулардың 35%-ы 1-4 жыл бірге тұрған отбасыларға тиесілі, 24%-ы 5-9 жыл аралығында, ал 8%-ы бір жылға жетпей ажырасқан.