Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 21%-ға өскен

463

Азық-түлік тауарларының ең жоғары жылдық баға өсімі Маңғыстау (25,8%), Ақтөбе (23,5%) және Ақмола (22,7%) облыстарында байқалды.  

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 21%-ға өскен

Ұлттық статистика бюросының тамыз айындағы деректеріне сәйкес, елімізде азық-түлік тауарлары бағасының айлық өсімі 1%-ды, жылдық өсімі 20,8%-ды құраған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ең жоғары айлық өсім Маңғыстау (2,1%), Жетісу (1,9%) және Абай (1,5%) облыстарында тіркелді. 

Жемістер мен көкөніс бір жылда 14,8%-ға қымбаттады. Атап айтқанда, жаңа піскен жемістердің бағасы 11,9%-ға, көкөніс бағасы 11,8%-ға өсті.

Сүт өнімдері бағасының жылдық өсімі 24,6%-ды құрады. 

Ет және ет өнімдері бір жылда 14,5%-ға қымбаттады. 

Тамыз айының қорытындысына сәйкес, нан бағасы бір жылда 18,4%-ға, ұн 41,4%-ға, макарон өнімдері 35,7%-ға, жарма бағасы 32,7%-ға өскен.

Trading Economics ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айында ТМД елдерінің ішінде Молдовада азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары жылдық өсімі байқалды (38,4%). Антилидерлер үштігіне Украина (30,7%) мен Қазақстан (21%) кірген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу