Мұндай жағымды жаңалықты Ұлттық статистика бюросының ресми телеграм арнасы жазып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8% өсті. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген. Сонымен қатар, импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1% азайып, 9,4 мың тоннаны құрады (2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған). Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2%-ды құрайды, – делінген хабарламада.
Жаза кеткен жөн, экспорт 20,2%-ға қысқарған. 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталып отыр.
Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен.