Қазақстанда біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

548

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы бірыңғай бағдарлама негізінде жүзеге асырылмақ.

Қазақстанда біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Министрліктің мәліметінше, білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс Біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады.

"Бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары – оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы жүзеге асырылатын болатыны да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу