Қазақстанда бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды

362

Сонымен қатар құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру процестері де цифрлық форматқа көшірілді.  

Қазақстанда бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды Фото: ortcom.kz

Қазақстандағы бірыңғай құрылыс порталында құрылыстағы салалық жүйелердің сервистері, сондай-ақ құрылысқа қатысты ақпараттық ресурстар мен қызметтер біріктірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінде қазақстандықтарға республика бойынша 89 қалада құрылысқа арналған бастапқы-рұқсат құжаттарының пакетін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Олардың қатарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар, сондай-ақ эскиздік жобаны келісу кіреді.

Салалық жүйелерді интеграциялау кезінде қолданылатын объектінің бірегей нөмірі арқылы қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың ашықтығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

"Egov.kz бірыңғай авторизациясын енгізу арқылы "бір терезе" қағидаты қамтамасыз етілді, бұл пайдаланушыларға қайта авторизациядан өтпей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков.

Комитет төрағасының сөзінше, құрылыс кодексі аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу