Қазақстанда бизнестің ғылымды қаржыландыру үлесі төмен

Бұл көрсеткіш Люксембургте – 80%, Жапония мен Германияда — 70%. 

Қазақстанда бизнестің ғылымды қаржыландыру үлесі төмен Фото: pixabay.com

Бұл туралы аграрлық Сенатта өткен Үкімет сағатында депутат Өтеғұлов Арман мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, бизнес-қоғамдастық тарапынан ғылымды қаржыландыру үлесі Люксембургте – 80%, Жапония мен Германияда — 70 %, Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ–та — 65%, Францияда —  54%-ды құрайды. Ал, бұл көрсеткіш Қазақстанда 5%-дан аз. Қазақстанда аграрлық ғылымды, негізінен, мемлекет қаржыландырады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қаржыландыру көбінесе тиімсіз екенін көрсетуде. Бұл қаржыландыру процесінің проблемаларына және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың төмен тиімділігіне байланысты", – деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу