Қазақстанда бокстан Әлем кубогы өткізіледі

160

Бокстан Әлем кубогы 30 маусым - 6 шілде аралығында Астана қаласында өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда бокстан Әлем кубогы өткізіледі Фото: olympic.kz

Оған әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы онда бірінші құрамымен шаршы алаңға шығады.

Әлем кубогы елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдеге қол созды.

Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгілі болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу