Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 6 107,4 млрд теңгеге жетті

348

Бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 9,3% жоғары

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 6 107,4 млрд теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 4 588,7 млрд. теңгені құрады бұл былтырғы тиісті кезеңге қарағанда 12,8% жоғары, деп хабарлайды   inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 28,2% құрады, азық-түлікке жатпайтын  тауарларда – 71,8%. 

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлес:  

- Азық-түлік тауарлары – 28,3%  

- Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 71,7% 

Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдері, аяқкиім, косметика тауарлары және жеке гигиена құралдары, тұрмыстық электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

2023 жылғы 1 маусымда сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 551,4 млрд. теңгені, сауда күндерінде 73 күнді құрады (2022 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1151,8 млрд. теңгені, сауда күндерінде 65 күн).

2023 жылғы қаңтар-мамырда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,4%) және Астана қаласына (12,2%), Қарағанды (7,7%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу