banner

Қазақстанда босанғанға дейінгі жәрдемақы төлеу мерзімі қысқарады

Бұрын 15 күнде тағайындалатын төлем, енді 1 сағатта жүзеге асырылады.  

Қазақстанда босанғанға дейінгі жәрдемақы төлеу мерзімі қысқарады Фото: elements.envato.com

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азамат өмірдің әр кезеңінде мемлекетпен етене байланысты. Ол өмірге келгеннен, балалық шағынан, жоғары оқу орнына түсуден, отбасын құрудан және т.б. Сондықтан біздің стратегиялық міндетіміз - әрбір өмірлік жағдайды талдау. Қарапайым адамның неден өтуі керек екенін түсіну үшін осы қиындықтардың барлығын азаматқа қалыпты, түсінікті және ыңғайлы үдеріске айналдыру керек", - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, жүкті әйелдердің көпшілігі қайда кеңес алу керектігін, қалай тіркеліп, босанғанға дейінгі төлемдерді алу керектігін түсінбейді.

"Сондықтан туу туралы куәлік алып, жәрдемақыны автоматтандыру ғана емес, басқа да процестер бар. Мысалы, босанғанға дейінгі төлемдерді алу үшін 15 күн қажет. Биыл мұны бір сағатқа дейін қысқартамыз" – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу