Қазақстанда бұқашықтар мен картоптың экспортына тыйым салынды

1058

Қазақстанда сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап тірі ірі қара малды әкетуге толық тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп eldala.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Қазақстанда бұқашықтар мен картоптың экспортына тыйым салынды

25 қараша күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ВАК отырысында 15 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан аналық мал басын және ІҚМ бұқаларын 6 ай мерзімге шығаруға толық тыйым салу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 15 желтоқсаннан бастап 3 ай мерзімге картоп пен сәбізді әкетуге тыйым салынады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда ІҚМ мен ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынады. Ал бұқашықтар мен қошқарларды экспорттауға квота беру туралы шешім қабылданды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу