Қазақстанда ChatGPT 1 тамыздан бастап қымбаттайды

274

OpenAI хабарлауынша, енді жазылым құнына 12% ҚҚС қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда ChatGPT 1 тамыздан бастап қымбаттайды Фото: canva

1 тамыздан бастап Қазақстандағы ChatGPT жазылымының бағасы қосылған құн салығының (ҚҚС) енгізілуіне байланысты өседі. 

Осыған орай, ақылы нұсқаның бағасы 20 доллардан 22,40 долларға көтеріледі. Бұл өзгеріс барлық жеке пайдаланушыларға әсер етеді.

Ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ҚҚС төлеуден босатылуы мүмкін. Ол үшін тамызға дейін аккаунтқа БСН енгізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу