Қазақстанда цифрлық банкинг арқылы күніне 500 мың транзакция жасалады

1158

Astana Hub форумы шеңберінде қаржы секторын цифрландыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкі қызметін автоматтандырудың міндеттері талқыланды. 

Қазақстанда цифрлық банкинг арқылы күніне 500 мың транзакция жасалады

Күн сайын Қазақстан халқы цифрлық банкинг арқылы 8 млрд теңге сомасына шамамен 500 мың транзакция жүргізеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технологиялық паркі алаңында айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо

"Бүгінде қаржы транзакцияларының негізгі бөлігі интернет- және мобильдік банкинг арқылы жүргізіледі. Қазақстанның қаржы ұйымдары жеткілікті түрде цифрлық шешімдерді белсенді қолданады және жаңа технологияларды енгізуде тұрақты жұмыс істейді", - деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, бизнес субъектілерінің қаржылық операцияларының 70%-ы қашықтықтан көрсетілетін сервис арқылы жүргізіледі.  Интернет/мобильдік банкинг арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 3 есе ұлғайды.

Astana Hub форумы шеңберінде қаржы секторын цифрландыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің қызметін автоматтандырудың ағымдағы міндеттері талқыланды. Төрағаның орынбасары Жанат Құрманов сөйлеген сөзінде Ұлттық банктің ақпараттық жүйелерін жетілдіру, атап айтқанда, Ұлттық банктің интернет-ресурсының жаңа нұсқасын, деректерді басқару жүйесін, сондай-ақ модельдеу және  дамыған талдама жүйесін құру жөніндегі алдағы жобалар туралы хабарлады.

Аталған жобаларды іске асыруда IT-қоғамдастықтың өкілдері мен компаниялар конкурстық негізде қатыса алатынын атап өтеміз. Жүргізілетін сатып алулар туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің интернет-ресурсына (www.nationalbank.kz) орналастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу