Қазақстанда cоңғы екі жылда 17 кен орны ашылған

116

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

Қазақстанда cоңғы екі жылда 17 кен орны ашылған   Фото: gov.kz

Вице-министрдің айтуынша, елде жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр және бұл нақты нәтиже бере бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Былтырғы және соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша 17 кен орны ашылды. Қазіргі уақытта біз негізгі көрсеткіштер бойынша жақсы өсімді байқап отырмыз, – деді вице-министр елордада Geoscience & Exploration Central Asia халықаралық форумында. 

Сондай-ақ ол Қарағанды облысында сирек жер элементтері бойынша жоғары әлеует барын атап өтті.

– Әңгіме лантаноидтар сияқты элементтер туралы болып отыр. Қазіргі кезде оларды қосымша зерттеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Әрі қарай игеру үшін инвестициялар мен заманауи технологиялар тартылып жатыр, – деп толықтырды спикер. 

Оның айтуынша, бұл нысан перспективалы орын ретінде қарастырылып отыр және елдің мемлекеттік геологиялық зерттеулерінің маңызды нәтижелерінің біріне айналуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу