Қазақстанда COVID-19-ға қарсы қандай вакциналар бар?

474

Осыған дейін елімізде 2 млн адам тұмауға қарсы екпе алғанын жазған болатынбыз. 

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы қандай вакциналар бар?

Бүгінде республика бойынша ересектерге арналған QazVac (225 мың доза) және Sinopharm (345 мың доза) вакциналары бар. Pfizer вакцинасы таусылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Журналист ведомство өкілінен АҚШ тарапынан жіберілетін гуманитарлық көмек туралы нақтылады.

"Сыртқы істер министрлігі арқылы Денсаулық сақтау министрлігіне 5-11 жасқа дейінгі балаларға арналған вакцинаны гуманитарлық көмек ретінде беру мүмкіндігі бойынша ұсыныс түсті. Бүгінде бұл мәселе пысықталып жатыр. Яғни, аталған жас тобында вакцинаны қабылдау мүмкіндігі талқылануда. Қазіргі таңда елімізде Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ғана салынады. Бүгінде бұл вакцина таусылды", - деді спикер.

Айта кету керек, АҚШ Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде COVID-19-ға қарсы вакцина жібереді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу