Қазақстанда Decentrathon 4.0 – елдегі ең ірі офлайн-хакатон ресми түрде басталды

131

Шара бір мезгілде 20 қалада өтуде және 2500-ден астам қатысушыны біріктіреді. 

Қазақстанда Decentrathon 4.0 – елдегі ең ірі офлайн-хакатон ресми түрде басталды Фото: gov.kz

12 қыркүйекте Қазақстанда Decentrathon 4.0 – елдегі ең ірі офлайн-хакатон ресми түрде басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ұйымдастырушылар – Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен.

Хакатонның алғашқы күні Web3.0 және блокчейн-технологияларға арналды. Қатысушылар қазірдің өзінде шешімдерді әзірлеуге кірісті. Алдағы екі күнде, 13–14 қыркүйекте, хакатон жасанды интеллект (AI) бағытымен жалғасады.

Қатысушылар командалар құрып, нақты кейстермен жұмыс істеп, менторлардың қолдауын алып, өз жобаларын салалық сарапшыларға қорғауға дайындайды. Биылғы жылы AI-тректің эксклюзивті серіктестері – "Банк ЦентрКредит" АҚ, BCC-HUB мансап орталығы және халықаралық IT-компания InDrive болды. Ал блокчейн бағыты бойынша серіктес – қатысушыларға техникалық тапсырмалар ұсынған Solana блокчейн-платформасы.

Финалға өткен қатысушылар Қазақстанның басты технологиялық алаңында – халықаралық Digital Bridge-2025 конференциясында өз жобаларын көпшілікке, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Decentrathon бұған дейін үш рет өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды біріктірді. Ал төртінші маусымда жоба елдің цифрлық болашағын құруға дайындар үшін бұрынғыдан да жарқын идеялар мен жаңа мүмкіндіктерді уәде етеді.

Өткізу күндері:
• 12 қыркүйек – Web3.0 / Blockchain трегі
• 13–14 қыркүйек – AI трегі

Формат: офлайн, Қазақстанның 20 қаласында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу