2016 жылғы 8 қарашада кенеттен оқу-жаттығуды өткізу шеңберінде десанттық-шабуылдау әскерлері алыс қашықтыққа әскери техниканың қайта топтасуын жүзеге асырды.
Жергілікті жерді барлауды жүзеге асыру және басты күштердің келуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шартты қарсыластың шоғырлануы аудандарының маңында Ми-17 тікұшағынан десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлау бөлімшелері түсірілді.
Бұл уақытта десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері, артиллериялық және инженерлік-саперлік бригадалары, сондай-ақ, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальоны Талдықорған қаласы, Сарыөзек кенті және Қапшағай қаласы ұдайы орналасу пункттерінен "Мәтібұлақ" және "Берег" оқу-жаттығу орталықтарына шықты. Шынжыртабанды техника лектерінің қозғалысы әрі қарайғы түсіру және арналым аудандарына өз жүрісімен далалық жолдар бойынша қозғала отырып, тралдарда автомобильді жолдар және магистральдар арқылы жүзеге асырылды.
Одан басқа, оқу-жаттығу шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі дағдарыстық аудандарда барлауды ұйымдастыру және авиациялық базалардың диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде "Оңтүстік", "Шығыс", "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларына және ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне бірқатар кіріспе тапсырмалар жүктеді.
Мұндай тосыннан оқу-жаттығулардың өткізілуі ҚР Қарулы Күштерінің басшылығына әскерлердің шынайы жай-күйі мен жауынгерлік мүмкіншіліктерін бағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, арнайы әскери операцияларды жүргізу амалдары мен тәсілдерін жетілдіруге ықпал ететінін атап өту қажет.
ҚР Қарулы Күштерінде ағымдағы жылғы 7 қарашада басталып, 11 қараша күні аяқталатын десанттық-шабуылдау әскерлерімен тосыннан оқу-жаттығу өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.