Қазақстанда дипфейктер үшін жауапкершілік енгізіледі

102

Қазақстанда дипфейктерді жасап, таратқандарға жауапкершілік енгізіледі.

Қазақстанда дипфейктер үшін жауапкершілік енгізіледі   Фото: Shuttersock

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун тиісті нормалар жасанды интеллект туралы заңда бекітілетінін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Дипфейктер үшін жауапкершілік болады. Жасанды интеллект туралы заңда тиісті нормалар қамтылады. Осы орайда ЖИ арқылы жасалған өнімдер болса, тұтынушылар осы жайында хабардар болуы тиіс. Сондықтан әкімшілік жауапкершілікке қатысты жазалау мен тиісті нормалар заңнамада қарастырылады. Біз осы бойынша жұмыс тобының құрамындамыз, –  деді ол Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу