Қазақстанда электрмен жабдықтау жүйесі штаттық режимге көшіп жатыр

239

"KEGOC" АҚ желілері арқылы электр энергиясын беру толық көлемде қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда электрмен жабдықтау жүйесі штаттық режимге көшіп жатыр Фото: ЖИ

Қазір өңірлердегі энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр қуатын жекелеген тұтынушыларға кезең-кезеңімен қайта қосып жатыр.

Мамандардың жұмысы нәтижесінде жақын уақытта электрмен жабдықтау толықтай қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Сонымен бірге әлеуметтік желілер мен кейбір пабликтерде Өзбекстандағы электр энергиясының іркілісі Қазақстанның энергетикалық жүйесінде болған апаттан туындағаны туралы ақпарат тараған.

Энергетика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Электрмен жабдықтау жағдайы ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу