Елімізде электросамокаттар мен велосипедтерге мемлекеттік нөмір енгізу ұсынысы қаралуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының аясында бірқатар қосымша түзетулер әзірленіп жатыр. Соның ішінде шетелдік тәжірибені, атап айтқанда Швейцария моделін енгізу туралы ұсыныс бар. Онда тек самокаттарға ғана емес, велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелген. Сондықтан бұл бастама өзекті әрі уақтылы, – деді С. Әділов.
Оның айтуынша, бұл мәселе әзірге талқылау деңгейінде.
Айта кетейік, бұған дейін полиция электросамокат жүргізу ережелерін көбіне жасөспірімдер жиі бұзатынын хабарлаған болатын.