Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі

147

Жаңа тәртіп 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.    

Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі Фото: optimism.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі электросамокаттарға тіркеу нөмірлерін беру жөніндегі ережесін бекітті. Бұл жаңашылдық кикшеринг (жалға беру) компанияларына қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

ІІМ-нің жаңа бұйрығына сәйкес, самокаттарды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар енді оларды қатаң есепке алуға міндетті.

Әр құрылғыға бір латын әрпінен және бес цифрдан тұратын жеке нөмір берілмек

  • Нөмірлер "00001"-ден бастап ретімен беріледі;
  • Қайталанбауы үшін операторлар әріптік индексті өзара келісуі тиіс;
  • Егер самокат есептен шығарылса ("пайдаланудан алынса"), оның нөмірі жойылады және басқа самокатқа берілмейді.

Тақтайшаларға қойылатын талаптар

ІІМ нөмір белгілерінің сапасына қатысты қатаң талаптар белгіледі.

Олар:

  • тозуға төзімді (соққыға және ылғалға төзімді) материалдардан жасалуы керек;
  • күнге оңып кетпеуі тиіс;
  • түнде жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыратын қабатпен қапталуы қажет.

Тіркеу шаралары самокат қала көшелеріне шыққанға дейін жүргізілуі тиіс.

Бұған дейін елімізде электросамокаттардың қозғалыс жылдамдығы шектеліп, жолдың жүру бөлігімен жүру үшін жүргізуші куәлігінің болуы туралы талаптар енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу