Қазақстанда ең жоғары еңбекақының көлемі анықталды

591

Ең жоғары жалақы кен өндіру саласының адамдарына тиесілі. Осы сегменттегі қызметкерлер орташа есеппен 401,1 мың теңге алады. 

Қазақстанда ең жоғары еңбекақының көлемі анықталды

Energyprom.kz зерттеуіне қарағанда, кен өндіру саласындағы жұмысшылар орташа есеппен 400 мың теңге жалақы алады деп хабарлайды ҚазАқпарат..

"2019 жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп саласы жұмысшыларының орташа айлық номиналды еңбекақысы 243,8 мың теңгені құрап, бір жылда 9,2 пайызға өсті. Инфляцияны ескере отырып, сектордағы еңбекақы бойынша сатып алу қабілеттігі 4 пайызға жоғарылады. Ең жоғары жалақы кен өндіру саласының адамдарына тиесілі. Осы сегменттегі қызметкерлер орташа есеппен 401,1 мың теңге алады. Нақты өсім 4,3 пайызды құрады", – делінген таратылған мәліметте.

Өңдеуші сектордағы орташа статистикалық жұмысшының еңбекақысы айтарлықтай төмен, яғни 189,2 мың теңгені құрады. Электр энергиясымен қамту саласының жұмысшыларына орташа есеппен 157,4 мың теңге, сумен қамтамасыз ету мамандарына 118,1 мың теңге жалақы тиесілі.

Кен өндіру саласында ең жоғары орташа айлық номиналды жалақыны шикі мұнай мен табиғи газ өндіру саласындағы мамандар алады. Бұл бағытта еңбекақы сомасы 785,2 мың теңгеге жетіп, осы  көрсеткіш орташа республикалық (168,5 мың теңге) деңгейден 4,7 есеге, ал өнеркәсіп жұмысшыларының (243,8 мың теңге) орташа  айлығынан 3,2 есеге артық болды.

Екінші орынға тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер шықты, бұл бағытта қызмет ететіндердің еңбекақысы 421,9 мың теңге болды. Көш бастап тұрғандардың үштігіне көмір мен лигнит өндіру сегменті еніп, осы саладағы жалақы 281,4 мың теңге шамасында қалыптасты.

Тау-кен өндіру мен карьерлерді  игеру саласындағы ең жоғары еңбекақы Батыс Қазақстан облысында байқалды. Осы өңірде 2019 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы 1,2 млн теңгеге (бір жылда 11,7 пайызға өсті) жетті.

Екінші  орында Нұр-Сұлтан қаласы тұрақтады, бұл тұрғыда кен өндіру саласының қызметкерлеріне орташа есеппен 1,1 млн теңге төленеді. Жылдық өсім 8,1 пайыз болды. Осы үштікке Атырау облысы кіріп отыр, бұл сектордағы жалақы 920,0 мың теңгені құрап, бір жыл бұрынғы деңгейден 14,3 пайызға артық.

"Сектордағы еңбекақының жылдық ең жоғары өсімі Жамбыл облысында тіркелді. Атап айтқанда, 34,2 пайызға артып, 185 мың теңгеге дейін жетті", – делінген зерттеу мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу