Енді жүргізуші белгіленген жылдамдықтан асырса, 147 мың теңге айыппұл төлейді

8863

Қазақстанда жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырғандар үшін айыппұл мөлшері екі есе артады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді жүргізуші белгіленген жылдамдықтан асырса, 147 мың теңге айыппұл төлейді Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Заң бұзғандар үшін 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төлеу қажет болады. Бұл 2024 жылы 147 680 теңгені құрайды.

Егер бір жылдың ішінде құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін өсіп, 221 520 теңгеге жетеді.

Мемлекет басшысы жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға бірдей қол қойды. Олардың бірінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар екі айдан кейін күшіне енеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жылдамдық режимін 60 км/сағ немесе одан көп асырған автокөлік иелері 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейтін болады, бұл 2024 жылы 147 680 теңгені құрайды.

2025 жылы АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп күтілуде, сондықтан бұл айыппұл 157 280 теңгеге дейін артады.

Бір жылдың ішінде қайталанған құқықбұзушылық үшін айыппұл 60 АЕК-ке (2024 жылы 221 520 теңге, 2025 жылы 235 920 теңге) дейін көтеріледі.

Қазіргі уақытта жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар келесі мөлшерде:

  • 10-20 км/сағ асырғаны үшін – 5 АЕК (2024 жылы 18 460 теңге),
  • 20-40 км/сағ асырғаны үшін – 10 АЕК (36 920 теңге),
  • 40 км/сағ немесе одан көп асырғаны үшін – 20 АЕК (73 840 теңге). Ал қайталанған жағдайда айыппұл 110 мың теңгеге дейін барады.

Осылайша, екі айдан кейін бұл тізімге жылдамдықты 60 км/сағ немесе одан да көп арттырғандар үшін төленетін айыппұл қосылады және өндірілетін айыппұл көлемі екі есе артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу