Қазақстанда энергетика күні атап өтіледі

225

Желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда энергетика күні атап өтіледі. Биыл бұл күн 17-ші желтоқсанға түсіп отыр.

Қазақстанда энергетика күні атап өтіледі Фото: Inbusiness.kz

Елімізді жарықпен және жылумен қамтамасыз етуге "Қазақмыс корпорациясының" энергетиктері орасан зор үлес қосады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде ГРЭС Топар станциясы қызметкерлерінің еңбегі айрықша. Себебі, Абай ауданы тұрғындарын жылумен қамтамасыз етудің өзі оңай шаруа емес.

Александр Стрыгин әке жолын қуған энергетика саласының маманы. Ол ГРЕС Топарда 38 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Станцияға әскерден кейін әкесінің кеңесімен келген. Алғашқыда еңбек жолын қарапайым электромонтер болып бастаған. Содан кейін бес жыл электролабораторияның аға инженері, кейін басшылық қызметке ауысқан. Ал, 2018-ші жылдан бері Өндірістік электр цехында электротехникалық зертханасының бастығы болып жұмыс жасайды. Александр Владимирович өмір бойы энергетик болуды армандаған

"Мен 1985-ші жылы әскерден кейін, әкемнің ұсынысымен осы  станцияға жұмысқа тұрдым. Әкем электр цехында 20 жылдан астам бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Мен де сол жолды үзбей келемін. Маған мұнда жұмыс істеу ұнайды. Күш жігерім бар да әлі де еңбек етемін", - дейді Өндірістік электр цехындағы электр зертханасының бастығы Александр Стрыгин.

Александр Стрыгиннің ұлы да әке жолын қуған. Ол да ГРЭС Топар станциясында жұмыс істейді. Александрдың сөзінше, өндіріс орнында әріптестердің ұжымы жарысқан. Сондай-ақ, станция жұмысшыларының басты  міндеті  ол тұрғындарды әрдайым жарықпен, жылумен қамтамасыз ету. Электрик мамандығы  ер адамдарға ғана тән емес. Оның дәлелі  Тоғжан Хасенова. Ол нәзік жанды болса да, жұмысын қиын немесе қауіпті деп санамайды. Керісінше, жақсы көреді.

"Мен жұмысымды өте жақсы көремін. Мамандығыма адал жанмын. Жастайымнан химия, талдау жасау, кейбір сынақтарды жүргізуге қызығушылым жақсы еді. Соның арқасында бар күшімді салып, еңбектенемін. Біздің цех станцияның жүрегі. Сондықтан, жұмыстың басым бөлігі бізге байланысты", -дейді Химиялық цехтың басшысы Тоғжан Хасенова.

Тоғжан Хасеноваға дұрыс бағыт таңдауға аға буын көмектескен. Ол үшін әріптестері отбасыдай болып кеткен. Тоғжанның айтуынша, энергетика саласының мамандары кәсіби мерекелерін жыл сайын атап өтуге асығады. Себебі, әріптестер үшін атаулы дата еңбек жолындағы маңызды күн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу