Қазір дефектолог, логопед, нейропсихолог, әлеуметтік педагогтер және басқа да мамандар сұранысқа ие.
Арнайы педагогика саласындағы мамандарды даярлау жұмыстарын 17 жоғары оқу орны жүргізеді.
"2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген гранттар саны: 656 – бакалавриатқа, 150 – магистратураға, 13 – докторантураға", – деп атап өтті Көшербаев.
Білім беру бағдарламаларының реестріне 62 бағыт енгізілген, оның ішінде:
– "Арнайы педагогика",
– "Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс",
– "Тифлопедагогика",
– "Инклюзивті білім беру",
– "Ерте қолдау педагогикасы",
– "Эрго-педагогика" және басқалар.
Сонымен қатар, арнайы білім беру саласындағы кәсіби стандартқа жаңа мамандықтар енгізілген:
– ерте қолдау педагогы,
– эрго-педагог,
– қарым-қатынас және әлеуметтік бейімделу мәселелері бар балалармен жұмыс істейтін педагог,
– психикалық дамуы тежелген және оқу қиындықтары бар балалармен жұмыс істейтін педагог.