Қазақстанда Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады

534

"Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы" жарлығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылады Фото: Matritca.kz

Құжатқа сәйкес, Есеп комитетінің орнына Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құрылады.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды іске асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып есептеледі.

Жоғары аудиторлық палатаның міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болады.

Жоғары аудиторлық палатаның құрылымын Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, мүшелері және аппараты құрайды.

Жоғары аудиторлық палатаның штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Құжат 3 қарашаға дейін қоғам болып талқылау мақсатында Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу