Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

1548

Сиыр еті бір жылда 8%-ға, ал жылқы еті 16%-ға қымбаттады.  

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады Фото: khabar24.kz

Биыл қаңтар-қазан аралығында жас немесе тоңазытылған ет өндірісі 59,1 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қараша айының қорытындысына сәйкес, бір жылда сиыр етінің бағасы 8%-ға өссе, жылқы еті 16,1%-ға, қой еті 12,4%-ға қымбаттады. Ал, шошқа етінің бағасы 13,4%-ға артты.

Жыл басынан бері жылқы етінің бағасы 15,2%-ға, шошқа еті мен қой еті 12,2%-ға, сиыр еті 8,4%-ға өсті.

2022 жылдың қараша айында шошқа еті айтарлықтай қымбаттады (1,6%). Жылқы еті – 1%-ға, сиыр еті мен қой етінің бағасы 0,4%-ға өсті.

Осылайша осы жылдың қараша айының қорытындысына сәйкес, жылқы етінің бағасы бір келі үшін – 2999 теңге, қой еті – 2673 теңге, сиыр еті – 2421 теңге, шошқа етінің келісі 2077 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу