Қазақстанда ет бағасының қымбаттау себебі айтылды

159

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мәлімдеді.  

Қазақстанда ет бағасының қымбаттау себебі айтылды Фото: canva

Вице-министр Мәжіліс кулуарында елде ет бағасының жоғары болуына бірнеше фактор әсер еткенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, нарыққа айтарлықтай ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – көршілес Өзбекстандағы сұраныстың күрт артуы.

Бұған дейін әртүрлі себептермен ол елде ет тұтыну деңгейі төмен болған, ал қазір сұраныс едәуір өскен.

"Географиялық орналасу жағдайына байланысты Өзбекстан Қазақстан секілді көлемде мал өсіре алмайды. Соның салдарынан ол жақта ет бағасы қымбаттап отыр, ал ең жақын әрі қолжетімді жеткізуші – Қазақстан. Бұл өзбек тарапының қазақстандық өнімді белсенді түрде сатып алуына әкелді", – деп айтты Жанель Кушукова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу