Қазақстанда ет өнімдерінің импортына шектеу қойылуы мүмкін

728

Қазақстанда ет өнімдерінің импортына шектеу қойылуы мүмкін

Елімізге Ресейдің кейбір өңірлерінен ет өнімдерін алып келуге шектеу қойылуы мүмкін. Өйткені көршілес елді шарпыған құс тұмауы мен шошқа етінен табылған африкалық оба індетінен қауіп төнуі ықтимал. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Төлеутай Рақымбеков мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Осы уақытқа еліміздің 9 өңірі ғана шетелге ет өнімдерін экспорттай алады. Ал әзірге Қызылорда, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бұл тізімге енгізілмей отыр. Себебі онда алдыңғы жылдары мал ауруы тіркелді. Дегенмен нақты шешім 25 мамыр күні Парижде қабылданады. Егер халықаралық Эпизоотиялық бюро рұқсат берсе, еліміздің барлық аймақтары әлемдік нарыққа өз өнімдерін шығара алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу