Қазақстанда ет пен көкөніс қымбаттады

1005

Қазақстанда ет пен көкөніс қымбаттады

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 2,1%-ға қымбаттады. Бұл туралы статистика комитеті мәлім етті.

Мекеменің мәліметі бойынша,  аталған кезеңде картоп – 14,3%-ға, қырыққабат –8%-ға, пияз –7,8%-ға, қызылша –4,2%-ға, сәбіз 2,9%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ сиыр еті (6,3%) және қой еті (4,7%) де өсті.

Сары майдың бағасы 4,4%-ға, ал өсімдік майының бағасы 2,1%-ға  жоғарылады.

Бидай ұнынан пісірілетін нан 3,1%-ға қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу