Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімін қысқарту жоспарланып отыр

504

Құжат әзірге өзгерістер жобасы ретінде жарияланған.  

Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімін қысқарту жоспарланып отыр Фото: gov.kz

Құжат 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай өзгеріс Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің визаларды рәсімдеу, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидаларына енгізілетін түзетулер жобасында қарастырылған.

Жобаның сипаттамасында: "С1 және С10 санаттарындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту визалық реттеуді өзектендіруге, көші-қон бақылауын жетілдіруге және жекелеген виза санаттарының мерзімдерін оларды рәсімдеу мақсаттарына сәйкестендіруге бағытталған", – деп жазылған.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, С1 визасы Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келетін немесе елде жүрген этникалық қазақтарға беріледі. Қазіргі қағида бойынша ол көп мәртелік және 1 жылға дейін жарамды.

Ал С10 визасы Қазақстанға жеке сапармен келетін этникалық қазақтарға арналған. Қолданыстағы тәртіп бойынша бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін, ал көп мәртелік виза 3 жылға дейін беріледі.

Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, аталған визалардың қолданылу мерзімдері қысқаруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу