Қазақстанда француз университеті ашылады

334

Қазақстан мен Франция екіжақты байланысты өзара нығайтпақ.

Қазақстанда француз университеті ашылады Фото: akorda.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жаңа қазақ-француз университеті ашылатынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бүгін мемлекет басшылары  Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін қарастырады. Оқу орны Қазақ-Неміс университетіне ұқсастық бойынша құрылады. Біз осы мәселені зерттейтін топ құрамыз", деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Сондай-ақ, ол қазақстандық тарап Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылайтынын айтты.

"Франция университеттерінің делегациясы келді, бүгін Алматыда Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу