Қазақстанда Германияда өндірілген дәрінің тіркеу куәлігі кері қайтарылды

84

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Қазақстанда Германияда өндірілген дәрінің тіркеу куәлігі кері қайтарылды Фото: canva.com

Германиялық компания өндіретін "Изоптин" препараты кері қайтарылды. Шешімге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Препаратты кері қайтару "Абботт Қазақстан" компаниясы өкілдігінің өтініші негізінде жүзеге асырылды. 2026 жылғы 9 ақпандағы № 89-НҚ бұйрыққа сәйкес, аталған дәрілік затты енді еліміз аумағында айналымға жіберуге және қолдануға болмайды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерге бір жұмыс күні ішінде жергілікті денсаулық сақтау органдарын, тіркеу куәлігінің иесін және мемлекеттік сараптама ұйымдарын хабардар етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу