Қазақстанда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды

201

Елімізде жалпы және нәресте өлімінің төмендеуі, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді.  

Қазақстанда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды Фото: gov.kz

Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді.

"Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшы болып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75,4 жас деңгейіне жетті", – делінген денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Адами даму индексі бойынша 2025 жылғы Даму Бағдарламасының есебіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 7 тармаққа жақсартып, Қазақстан 193 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу