Қазақстанда халық саны өсті

618

Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерекке сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 788 254 адамды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда халық саны өсті Фото: khabar24.kz

Бұл ретте қала халқы 12 227 458 адамды, ауыл халқы 7 560 796 адамды құрап отыр.

Қазақстанда 9 658 685 ер адам, 10 129 569 әйел адам бар.

1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 33 609 жаңа туған нәресте тіркеліп, 12 147 адам қайтыс болды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізге 2778 адам келсе, елден 990 адам кеткен.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ел халқының саны 19 765 004 адамды құрады. 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу