Қазақстанда халықаралық әуе компаниялары үшін авиаотын бағасы төмендетілді

128

Бұған дейін авиаотынның бағасы тоннасына 1200 доллар шамасында болған. 

Қазақстанда халықаралық әуе компаниялары үшін авиаотын бағасы төмендетілді Фото: kmg.kz

Қаңтардан бастап шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін авиациялық керосиннің бір тоннасы шамамен 930-1000 долларға саудаланып жатыр. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаңтардан бастап шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін авиациялық керосиннің бір тоннасы шамамен 930-1000 долларға саудаланып жатыр. 

"Аталған шара елдің транзиттік тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның өңірдегі әуе хабы ретінде рөлін нығайтуға бағытталған. Халықаралық әуе компанияларына авиаотынды "ҚазМұнайГаздың" еншілес ұйымы - "ҚазМұнайГаз-Аэро" жеткізеді. Бүгінде "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясы "қанатқа құю" әдісі бойынша ұшақты жанармаймен қамтамасыз ету жөнінде халықаралық әуе компанияларымен тікелей келісімшарттар жасасқан. Олардың қатарында Turkish Airlines, Turkish Cargo, FlyDubai, Red Sea, Air Cairo, Somon Air, FlyMeta және Silk Way West Airlines бар", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, авиаотынның бірыңғай әрі төмен бағасы Lufthansa, Emirates, Qatar Airways, Air China сияқты алпауыттармен қатар жетекші жүк тасымалдаушыларын Қазақстан әуежайларына тартуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу