Қазақстанда Халықаралық төмен байытылған уран банкінің ресми ашылуы өтеді

970

 Қазақстанда Халықаралық төмен байытылған уран банкінің ресми ашылуы өтеді

29-шы тамызда Қазақстанда Халықаралық төмен байытылған уран банкі ресми ашылады. Мұндай ақпарды парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-ші конференциясында мәлім етті. Еске сала кетсек, 29-шы тамыз Біріккен ұлттар ұйымы ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп белгілеген еді. Дерекке қарағанда, Қазақстанда өндірілген уран қоры 60-70 жылға жетікілікті деңгейде сақталып тұр. Ол резерв 59 реакторды толық қамтамасыз етуге, әрі болашақта тағы 168 жоспарды орындауға мүмкіндік беруі тиіс. 2016 жылы Қазақстан $1,5 млрд-ға 25,2 мың келі табиғи уран экспорттаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,7% төмен. Қазақстан уранының негізгі тұтынушысы – Қытай. Ресми Бейжіңге 2016 жылы 13,2 мың келі өнім алған. Құны шамамен 826,6 млн долларды құраған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы: "Біз 2005 жылы Семейде қол қойылған Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартты іске асыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізудеміз. Қазақстан аумағында МАГАТЭ Халықаралық төмен байытылған уран банкінің құрылуы ядролық қаруды таратпауды нығайтуға қосқан қомақты үлес болып табылады. Оның ашылуы 29 тамыз күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу