Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін өсті

1040

Қазақстанда инфляция 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстанда инфляция 8,7%-дан 12%-ға дейін өсті

Әсіресе азық-түлік бағасы күрт өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бюроның дерегіне сүйенсек, азық-түлік 5,8 пайызға қымбаттаған.

Ал тұтыну тауарлары 2,8 пайызға, ақылы қызметтер 1,4 пайызға өскен. Тәуелсіз мамандардың есептеуінше тек соңғы аптада азық-түлік 40 пайызға дейін қымбаттаған.

Тұтынушылар лигасының мәліметінше, сүт және тауық өнімдері 30 пайызға көтерілген. Тіпті долларға қатысы жоқ тауарлардың да бағасы өсіп жатыр.

Ритейлерлердің айтуынша, импорттық тауарлардың бағасы 25-30-пайызға дейін артқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу